
Компания туралы
Құмкөл Транс Сервис (ҚТС)
2004 жылы негізі қаланған жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Негізгі қызметі — Қызылорда облысында көмірсутек шикізатын барлау және өндіру.
Келісімшарттық аумақ Қызылорда облысының Сырдария ауданында және Ұлытау облысының Ұлытау ауданында орналасқан. Ең жақын елді мекен — Қызылорда қаласы (160 км).
ҚТС — Equus Petroleum Limited компаниясының (Equus Petroleum B.V. арқылы) 100% еншілес кәсіпорны.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар

Компания тарихы
- 2004
Көмірсутек шикізатын барлау және іздеу жөніндегі №1527 келісімшартқа қол қойылды
- 2007
Сарыбұлақ кен орны ашылды
- 2008
Қайнар кен орны ашылды
- 2014
Сарыбұлақ кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі №4082 келісімшарт жасалды
- 2015
Сарыбұлақ кен орны өнеркәсіптік өндіріске енгізілді
- 2023
Қайнар кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі №5279 келісімшарт жасалды
- 2025
Қайнар кен орны өнеркәсіптік өндіріске енгізілді